Алматы облысының Қарасай ауданында электр сымдарының қысқа тұйықталуы ер адамның өліміне әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 ақпанда сағат 02-49-да Алматы облысы ТЖД Райымбек ауылдық округінде саяжай қоғамының тұрғын үйінде 68 ш.м. алаңда өрт болып, салдарынан төбе жабыны құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
04-00-де өрт оқшауланып, 05-03-те сөндірілді. Өрт орнында үй иесінің денесі табылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!