- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында екі...
Алматы облысында екі өзбекстандық құлдықта болған: күдікті ұсталды
Алматы облысында Өзбекстан Республикасының екі азаматын еңбек күші ретінде пайдалану мақсатында еркінен тыс қамап ұстау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, екі өзбекстандықты үш жылдан аса уақыт құлдықта болған.
"10 маусымда жедел ақпарат бойынша Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Өзбекстан Республикасының екі азаматын еңбекке пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру дерегін анықтады. Үш жылдан аса уақыт бойы 1986 жылы туған күдікті А. Қарасай ауданы аумағында жәбірленушілерді еркінен тыс қамап ұстағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Заңсыз бас бостандығынан айыру") бойынша тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, тиісті құжаттары жоқ 22 өзбекстандық анықталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан