Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен "ПМК-7К" ЖШС арасында жалпы сомасы 855 миллион теңгелік "Сарыбастау" және "Қарағаш" ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.
Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған.
Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-нің есеп айырысу шотына 57,5 миллион теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды.
Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушымен мемлекетке келтірілген 57,5 миллион теңге сомасындағы залал толығымен өтелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!