Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысып, екі жүргізуші де зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"1 тамыз күні сағат 17:11-де SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Алматы-Талғар тасжолының 12-шақырымында келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған "ЗИЛ" көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада.
Дәрігерлер 1964 және 1978 жылы туған жүргізушілерді түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жатқызды.
Полиция тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!