Алматы облысында бір кеште екі адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

Алматы облысында бір кеште екі адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты
Фото: скриншот

Алматы облысында бір кеште екі адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңғы тәулікте Алматы облысында жаяу жүргіншілер қаза тапқан екі жол апаты болды. Екі факті бойынша да қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық істер қозғалды.

Бірінші оқиға Қаскелең қаласының маңындағы Алматы-Бішкек тасжолында болды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолдан белгісіз жерде өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Екінші оқиға Іле ауданы Ынтымақ ауылының шетіндегі Алматы-Өскемен тас жолында болды. Lexus RX-350 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен жаяу жүргіншіге соққы берді. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға және жолдарда, әсіресе көрінбейтін жағдайларда өте мұқият болуға шақырады. Жаяу жүргіншілерге өз кезегінде жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина