- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында бір...
Алматы облысында бір жасар бала қаза болды
Фото:
Polisia.kz
Алматы облысы Шамалған ауылында жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, әйел үлкен ұлын балабақшаға жіберіп жатқан кезде бір жасар сәби шағын автобусқа жақын тұрған. Көлік қозғалғанда, бала дөңгелек астына түскен. Балаларды балабақшаларға тасымалдайтын шағынавтобусты 69 жастағы ер адам тізгіндеген.
Қазір Қарасай ауданының Полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелген. Осы дерекке қатысты қажет сараптамалар тағайындалған.
Ж. Қадыржанова