- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқыс оқиға
Алматы облысында бір және сегіз жастағы бала кәріз құдығына құлап кетті
Алматы облысында бір жастағы сәби дәретхана шұңқырына құлап кетті. Інісін құтқаруға асыққан сегіз жастағы қыз артынан түскенімен, ол да қайта шыға алмай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Шонжы ауылында болған. Бір жасар бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасының қарауынсыз қалған сәби тереңдігі екі метр кәріз құдығына түсіп кеткен. Сәбиді шығарып алуға асыққан әпкесі құдыққа түскенімен, ол да шыға алмай қалған.
Құтқарушыларды балалардың ата-анасы шақырыпты. Оқиға орнына төрт минутта жеткен құтқарушылар балаларды арқанның көмегімен шығарып алды. Бүлдіршіндер дін аман.
"Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанымен құдықтан балаларды шығарды. Балалар зардап шеккен жоқ. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деді Ұйғыр ауданы төтенше жағдайлар департаменті бастығы Рамиль Махпиров.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан