Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз біреу кәмелетке толмаған төрт баланы байлап, ұрып, қинап, пышақпен қорқытқан. Бұл дерекке қатысты облыс басшысы Бауыржан Әленов пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Күдікті анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Бұл дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды", - дейді Әленов.
Басқа ақпарат қосымша берілетін болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз