Алматы облысында әйелдің жұмбақ өліміне байланысты соталды тергеу басталды

Алматы облысында әйелдің жұмбақ өліміне байланысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, марқұм көз жұмар алдында күйеуі тарапынан зорлық-зомбылық көргенін жеткізген. Қайтыс болған әйелдің сіңлісінің сөзінше, 23 шілдеде ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан. Бұл туралы марқұм қайғылы оқиғаға шамамен бір сағат қалғанда сіңлісіне айтып үлгерген.

Телеарна мәліметінше, ол екі жасар егіз балаларын басқа сіңлісінің қарауына қалдырып, артынша өзіне қол жұмсаған.

Марқұмның туыстары іс әділ тексеріліп, барлық мән-жай анықталуын талап етіп отыр.

Алматы облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазір сараптамалар тағайындалып, полиция барлық тараптың уәжін тексеріп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!