Алматы облысында әйелді иттер талап тастаған

Алматы облысында әйелді иттер талап тастаған
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Қарасай ауданында әйелді иттер талап жатқаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер талаған. Зардап шеккен әйел көптеген жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деді ПД өкілі.

Полиция 60 жастағы күдіктіні анықтаған. Ол - иттердің иесі. Мәліметке сәйкес жәбірленушінің көршісі үйінің аумағында шамамен 20-25 ит ұстаған. Ер адам Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget