Алматы облысында әйел бір айдан аса уақыттан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады.
"Тахирова Әсел Бахытғалиқызы 1993 жылы туған, 2025 жылы 2 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 15:00-де ол Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы, Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан "Үлкен отбасы" күтім үйінен шығып кеткен", - деп жазылған мәліметте.
Белгілері: бойы - 160-165 сантиметр, шашы қою түсті, ұзын, қолында кесілген тыртықтары бар, бел тұсында иероглиф түріндегі татуировка бар. Киген киімі: қызыл бас киім, қара ұзын күртеше, көк шалбар, жасыл етік.
Еріктілердің мәліметінше, әйелдің психикалық ауытқуы бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!