- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында аурухана...
Алматы облысында аурухана басшысы мен есепші 2,1 млрд теңге жымқырған
Алматы облысында аурухана басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды өтірік сатып алып отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Медициналық мекеме 2020 жылғы қазанда сенімгерлік басқаруға берілді. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден аса қаражат ұрланған", - деп жазылған хабарламада.
Аурухана басшысы мен есепшіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz