Алматы облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ АОФ мәліметі бойынша, 2023 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 17:15-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран көрінуді 40 метрге дейін шектейді) республикалық маңызы бар А-3 "Алматы-Өскемен" 25 шақырымнан (ақылы қабылдау пункті) 124 шақырымға дейін (Жетісу облысының шекарасы) тас жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!