Әлеуметтік желіде Алматы облысы Есік қаласында атыс естілгені туралы видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, видеодағы жағдай 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұл оқиғаға қатысты бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету дерегі бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы барлар анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді өңір полициясы.
Сонымен қатар, ІІМ мәліметінше, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ауаға ескерту мақсатында оқ атқан.
"Қазір соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы жүргізеді. Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова