- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында аспанға...
Алматы облысында аспанға қару атқандар ұсталды
Алматы облысында аспанға қару атқандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында атыс қаруын қолданумен байланысты оқиға болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлерімен барлық құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды.
Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.
Тергеу барысы менің жеке бақылауымда.
Жалпы, Алматы облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Қылмыстар санының тұрақты төмендеуі байқалуда.
Дегенмен, аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина