Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.
Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға қажет барлық көмек көрсетіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!