Алматы облысында әскери киім кигендер ер адамның үйіне баса-көктеп кіріп, қоқан-лоқы көрсеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Видеода Жетіген тұрғыны ІІД-нің белгісіз қызметкерлері оны және оның ағасын ұрлап, азаптап, ұрып-соғып, 2 миллион теңге бопсалағанын айтты. Ер адамның айтуынша, ақша аударылғаннан кейін қаскөйлер оларды босатқан.
Алматы облысының ПД өкілдері бейнежазба авторының өтініші бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Қазір өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері барлық тергеуге қажет іс-шарасын жүргізіп жатыр.
Өтініш берушінің дәлелдері расталса, кінәлі лауазымды адамдарға қатысты қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, ПД өкілдері көрінеу жалған ақпарат жасаған және жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.
Тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!