- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында "Алтын...
Алматы облысында "Алтын орда" базары цифрландырылып жатыр
Алматы облысында "Алтын орда" базары цифрландырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Былтыр желтоқсаннан бастап базар аумағының 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылған.
Сонымен қатар, "Алтын Орда" базарын цифрландыру бойынша altynordaresmi.kz ақпараттық веб-сайты іске қосылған, онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.
Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді.
Бұл шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина