Алматы облысындағы "Кеген-Нарынқол" республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін, 10 қазанда "Кеген-Нарынқол" республикалық маңызы бар тасжол аумағында қар жауды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына үш бірлік арнайы техника мен бес адам жұмылдырылды. Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді", - деді ұлттық компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!