Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері 33 жастағы күзетпен ұстауда отырған адамға қатысты алаяқтықтың жаңа фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қарашада Корам ауылының тұрғыны құқық қорғау органдарына банктік шотты бұғаттаймын деп 2,2 млн теңге сомасында несие рәсімдеуге мәжбүр етті деген арызбен жүгінді.
Бұл фактіні Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімі тіркеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта күдікті алаяқтық қылмысының екі эпизоды бойынша тергеліп жатыр. Тәртіп сақшылары оның басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде, әсіресе қаржылық операцияларға қатысты жағдайларда қырағылық пен сақтық шараларын қолдануды ескертті.
"Ешқашан жеке деректер мен банктік мәліметтерді үшінші тұлғаларға айтпаңыз", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!