• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Алматы облысында алаяқтарға көмектескендер әшкереленді

Алматы облысында алаяқтарға көмектескендер әшкереленді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматы облысында алаяқтық нәтижесінде келген ақшаны криптовалютаға айналдырумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында осы қылмыстық схемаға қатысы бар 20-дан аса адам анықталған. Олардың қатарында дроптар, дроп жетекшілер, кураторлар мен менеджерлер болған.

Әр қатысушы бірнеше банк шотын (5-7-ге дейін) пайдаланып, әрбір транзакциядан 1-3% мөлшерінде сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды тарту Telegram арналары арқылы жүргізілген.

"Жедел іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 8 миллион теңгеден аса қаржы айналымы тоқтатылып, ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптовалюталық әмиян анықталды. Бұл әмиянның қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға тиесілі екені белгілі болды. Қазір банктерден қаржылық операциялар туралы ақпарат алу үшін қажет құжаттар рәсімделіп, анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылып жатыр", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жеті адам ұсталды, олардың арасында үш куратор, бір менеджер және үш дроппер бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова