- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- полиция туралы
Алматы облысында алаяққа сенген жәбірленуші 69 млн теңгесінен айырылды
![Алматы облысында алаяққа сенген жәбірленуші 69 млн теңгесінен айырылды](/userdata/news/news_123893/image_l.png)
Алматы облысында тұрғынның 69 млн теңгесін иемденген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтықты ашты. 51 жастағы күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен 69 миллион теңгені иемденген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті - көршілес елдің азаматтары.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.
"Азаматтардан ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді сұраймыз", - деп ескертті полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова