Алматыға іргелес жерде алапат өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алапат өрттің шыққанына бір сағаттан асты, қара түтін пайда болған", - деп жазған оқырмандар.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады. Өрт Первомай өнеркәсіптік аймағы ауданында болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз