Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде әкесі мен төрт баласы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 4 мамырда болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Елтай ауылдық округінде жеке тұрғын үйде 6 адам - 2 ересек және 4 бала белгісіз затпен уланғаны туралы хабар келіп түсті. Салдарынан 1984 жылғы ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылғы қызы және 2008, 2013, 2018 жылғы ұлдары) қайтыс болды. 1985 жылғы әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде", - дейді полиция өкілдері.
Мәлімет бойынша қайғылы оқиғаның алдын ала себептердің бірі - тамақтан улану.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!