Алматы облысында ағаш шеберханасында өрт шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Қарасай ауданы Шамалған ауылы Көкбастау көшесінде ағаш бұйымдары мен ағаш шеберханасының шатыры жанған.
"Өрттің аумағы 200 шаршы метр болды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылып, өртсөндірушілер суды үздіксіз шашты", - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова