Алматы облысында “адам зорлады“ деген күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті

Алматы облысында "адам зорлады" деген күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оны ұстау үшін арнайы "Сирена" жоспары енгізілді.

"Негізгі бағыттарда бақылау-өткізу пункттері орнатылып, барлық күш пен қаражат қашқынды тауып, ұстауға бағытталған. Сонымен бірге қашып кетудің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Баспасөз қызметі жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!