Алматы облысында 9 тонна шөп өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бүгін Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жеке тұрғын үйдің аумағында 46 шаршы метр шаруашылық ғимарат және 9 тонна шөп жанып кеткен.
"ТЖМ күштері өртті ауыздақтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!