Алматы облысында 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды

Алматы облысында 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қаскелеңдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының Білім басқармасы мәліметінше, үзіліс кезінде оқушының жағдайы нашарлаған. Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған.

"Баланың денсаулығы туралы әкесіне шұғыл хабар берілді. Жасөспірімнің анасы бөлек тұрады. Оқиға кезінде оқушының қасында нағашы әжесі болды, ол осы мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жансақтау шараларын жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.

"Бұл дерек бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Білім басқармасы мәліметінше, жасөспірім 26 ақпанда 16 жасқа толар еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget