- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 9...
Алматы облысында 9 жастағы бала жылан шағып қайтыс болды
Алматы облысында баланы жылан шағып қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Оқиға туралы толық мәліметті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері айтып берді.
27 маусымда сағат 13:35-те Кеген аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне "жылан шағу" диагнозымен 9 жастағы бала ауыр халде түскен.
Балаға реанимация бөлімінде ем және схема бойынша жылан уына қарсы қос сарысу берілген.
"Науқас ауруханаға жатқызылған сәттен бастап Денсаулық сақтау басқармасының тікелей бақылауында болды. Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері мен Алматы қаласының токсиколог-дәрігері қатысқан кеңес өтті. Балалар клиникасының токсикологтары мен реаниматологтары. Аудандық ауруханаға Алматы қаласының №1 Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсикологтары мен реаниматологтары келіп, емдеу шаралары келісілген. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі анестезиолог-реаниматологтар, токсикологтармен кеңес өткізілді", - деді облыстық Денсаулық сақтау баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде "клиникалық хаттамаға сәйкес" емделген.
Бірақ, уақтылы қарқынды реанимациялық көмек көрсетілгеніне қарамастан, 29 маусымда биологиялық өлім тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан