Алматы облысында трансұлттық қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 7 шетел азаматына үкім шығарды.
Полиция қызметкерлері 3 жасырын есірткі зертханасын анықтаған. Тінту барысында заңсыз айналымнан 90 келіден аса дайын синтетикалық психотроп заттар, 1 тоннадан аса прекурсор мен химиялық компоненттер, сондай-ақ, оларды дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.
Мамандардың бағалауынша, тәркіленген заттардың қара нарықтағы құны 1,5 млрд теңгеден асады.
Сотта мемлекеттік айыптаушы олардың кінәсін толық дәлелдейтін айғақ ұсынған.
Қылмыстық іс құжаттарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде сот оларға 19 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сотталғандарға тиесілі 3 тұрғын үй мен көліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!