- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 6...
Алматы облысында 6 баланың анасын өлімші етіп сабаған ер адам ұсталды
Алматы облыстық Полиция басқармасы әлеуметтік желіде 6 баланың анасын өлімші қылып сабап, зорламақ болған ер адамның бостандықта жүргені туралы жазбаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 27 қыркүйекте Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қарасай ауданы Қаскелең қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне 35 жастағы әйелдің түскені туралы ақпарат түсті. Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының ПБ-ға жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова