- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 37...
Алматы облысында 37 жастағы әйелдің көлігі автобуспен соқтығысқан: бес адам мерт болды
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 9 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек автожолының 43-шақырымында 37 жастағы әйел Hyundai автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1987 жылғы О. есімді азамат айдап келе жатқан автобуспен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек ҚР Қыл мыстық кодексінің345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан