- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 3...
Алматы облысында 3 жасар егіздің зорлануы: сот үкім шығарды
Алматы облысының сотында үш жасар егіз бен тоғыз жастағы қыздың зорлануына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева хабарлады. Күдікті - жәбірленуші қыздардың атасы мен әжесі. Ер адам өмір бойына сотталса, әжелері 25 жылға бас бостандығынан айырылған.
"Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық жауаптылықтан жалтару, қызметке немқұрайлылық және әрекетсіздік белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді Зәкиева.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 2023 жылы Алматы облысы Бақанас ауылында болған. 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлады деген күдікке ілінді.
Бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталған. 2023 жылы 3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина