- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңсыз құрылыс
Алматы облысында 23 заңсыз құрылыс сүріледі
Өткен айда Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) инспекторлары ауқымды тексерістер жүргізіп, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзудың жүздеген фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексерістердің қорытындысы бойынша 78 әкімшілік материал әзірленді. Олардың 28-і облыстық соттарға жолданды, ал қылмыстық іс қозғалмаған құқықбұзушыларға жалпы сомасы 14 644 140 теңге айыппұл салынды.
Тексерістер барысында 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың материалдары да сотқа жолданды. Заңсыз салынған құрылыстар, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені, бұзылуға жатады. Қазіргі уақытта 4 сабан үй бұзылды, ал 7 нысанға бұзу туралы талап-арыздар жолданды.
Қонаев қаласындағы оқу корпусы, Eco-Park Alatau ТК-ның кәріз жүйелері және Райымбек ауданындағы су бөгеттері құрылысы барысында көптеген бұзушылықтар анықталды. Жауапқа тартылған мердігерлер мен техникалық қадағалау ұйымдарына қатысты шаралар қабылданды. 61 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, оның екеуі - Sheberbuild ЖШС және "Жаңарту" ЖШС - сот шешімімен лицензиясынан айырылған.
"Алматы облысындағы құрылыс саласын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің тексерістеріміз тек рәсім ғана емес, қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін күрес", - деді Алматы облысы сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басшысының міндетін атқарушы Өзенбаев Ғабиден.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина