Алматы облысында 19 жастағы "сәлафиттен" қару табылды

Алматы облысының полицейлері қарулы ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері 27 қарашада сағат 16:30 шамасында 19 жастағы жігітті құжаттарды тексеру үшін тоқтатқан.

Ұсталған адамнан тексеру кезінде тегіс ұңғылы шолақ қару табылып, тәркіленді.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлімі ("Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша тіркелді", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Полицияның мәліметінше, ұсталған адам сыртқы белгілері бойынша – деструктивті діни ағым өкілі.

"Қазіргі уақытта фактінің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Бауыржан Әленов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз