Алматы облысында 19 жастағы мерзімді сарбаз өлі табылды

Алматы облысында 19 жастағы мерзімді сарбаз өлі табылды
Фото: instagram.com/enlik_kaltaeva

Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға туралы жазбаны марқұмның әпкесі жариялады. Оның айтуынша, отбасына марқұм суицид жасады деген хабар жеткен, алайда туған-туыстары бұл нұсқаға сенбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаеваның айтуынша, оның інісі Дінмұхаммед егізінің артынан әскерге аттанған. Алдымен олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін біреуін басқа бөлімге ауыстырған.

"Олар бірге қызмет етті, бірақ ант бергеннен кейін Дінмұхаммедті Мәтібұлаққа, 01098 әскери бөліміне ауыстырды да, егізінен ажыратты, ал егізді бөлуге болмайды. Сол жерде қайғылы оқиға болды", – деп жазды ол.

17 қыркүйекте отбасы қайғылы хабар алған.

Құрлық әскерінің ресми пікірі

Құрлық әскері баспасөз қызметі 17 қыркүйекте гвардиялық гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші асылып, суицид жасағанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр", – деді баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget