Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Апат салдарынан 16 жастағы қыз көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Қайғылы оқиға Есік қаласында 14 қарашада болған. Жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапқанын жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз