Алматы облысында 18 адам қар құрсауында қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауданда ауа райының қолайсыз болуына байланысты Қақпақ ауылдық округіне қарасты туристік базаға келе жатқан 5 көліктегі 18 адамның қар құрсауында қалып қалған адамдарды құтқаруға өзінің жеке техникасымен аудан әкімдігіне көмекке келген Алмат Қазыбаеқа аудан әкімі Алғыс хатын табыстаған.
"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған саяхатшыларға шұғыл техникасы бар азаматтар қажет болды. Ердің ерлігі сын сағатта танылады демекші өзіңіздің жеке техникаңызбен қарлы бұрқасынға қарамай, басыңызды қатерге тіге отырып, қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға жолға шықтыңыз. Сіздің жауапкершілікпен атқарған жұмысыңыздың нәтижесінде 18 адам отбасына аман – есен оралды. Бұл әрекетіңізбен Сіз өзіңіздің нағыз ер азаматқа тән батылдығыңызды көрсеттіңіз. Сізге төтенше жағдай күні адамдарды аман алып қалу жолында көрсеткен ерен еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін", - дейді аудан әкімі Берік Дүйсенбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!