Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палата биыл мамырда өңірдегі тексеру іс-шараларын аяқтады. Аудит барысында ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы заңбұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңір басқармаларының бірінің басшысына қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар облыс әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз