- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- экологиялық бағдарлама
Алматы облысында 1,5 келі қайың тұқымы отырғызылды
![Алматы облысында 1,5 келі қайың тұқымы отырғызылды](/userdata/news/news_124544/image_l.jpg)
Алматы облысында жастарға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында экологиялық шара өтіп, 1,5 келі қайың тұқымы отырғызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Райымбек ауданында маңызды шара өтті.
Шараны Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Нарынқол орман шаруашылығы мекемесі ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - жастарға табиғатты қорғау мен орман шаруашылығының маңыздылығын түсіндіру, экологиялық жауапкершілікті арттыру. Оқушыларға сабақта үйренгендерін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік беру. Бұл олардың экологиялық білімін жетілдіруге әсерін тигізеді.
"Шараға 6 мектептен 150-ден аса оқушы қатысты. Бағдарлама аясында ашық сабақтар өткізіліп, оқушылар 1 келі Шренк шыршасы мен 1,5 келі қайың тұқымын 1000-ға жуық арнайы ыдыстарға отырғызды", - деді ұйымдастырушылар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова