Алматы облысында 15 жастағы оқушы із-түссіз жоғалып кеткен

Алматы облысында 15 жастағы оқушы  із-түссіз жоғалып кеткен
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында 2011 жылы туған Мария Анищенко іздестіріліп жатыр. Кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы еріктілер мен іздеу топтары хабарлап, тұрғындардан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2026 жылғы 24 сәуірде Мария Еңбекшіқазақ ауданы, Есік саяжайлары, Виноградная көшесі, 15-үй мекенжайынан шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Оқушы туралы не белгілі?

  • бойы – 160–165 см;
  • дене бітімі – арық;
  • шашы – қоңыр, каре үлгісінде қиылған;
  • көзі – қоңыр;
  • сол жақ қасының үстінде тыртық бар;
  • мұрнында пирсинг бар.

Жоғалған күні үстінде ақ түсті, қара өрнегі бар толстовка, ақ футболка, қара трико және сұр кроссовка болған, қара сөмкесі асынған.

Еріктілер Марияның қайда екенін білетін немесе қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан дереу хабарласуды сұрайды:

+7 705 105 31 31
+7 701 375 92 91
немесе 102

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget