Алматы облысында 15 жастағы қызды пышақтап кетті. Оқиға Ұзынағаш ауылында болды. Полицияға таңғы алтылар шамасында қоңырау түскен. Жасөспірімге жас жігіт шабуыл жасағаны белгілі болды. Қыз дереу ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалды. Қазір дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Пышақтаған адам жәбірленушінің 23 жастағы жігіт болған. Олар бір жарым жылдан бері кездесіп жүрген. Қазір полицейлер жігіттің неге мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.
"Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр", - деді Ғалым Нариманұлы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!