- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 14...
Алматы облысында 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу басталды
Желіде 14 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат тарады. Жантүршігерлік оқиға туралы Өтеген батыр ауылының тұрғындары мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қыздың өліміне желідегі ойындар мен булингтің қатысы жоқ екенін нақтылаймыз", – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Алматыда 12 жастағы қыз көпқабатты үйдің 13-қабатынан құлап, қаза тапты.
16 қыркүйекте де Алматыда екі оқушы қыз биіктіктен құлап мерт болды.
Қайғылы оқиғадан кейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыздар өз-өзіне қол жұмсағанын айтты. Кейінірек желіде бұған "қауіпті" онлайн ойындар мен арнайы әдебиеттердің қатысы бар екені туралы болжам айтылды. Алайда бұл ақпарат әзірше ресми расталмады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан