- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 12...
Алматы облысында 12 миллион теңге тұратын жылқы табыны тікұшақпен іздестірілді
Фото:
видеодан алынған кадр
Алматы облысында жоғалып кетті делінген 12 миллион теңге тұратын жылқы табыны тікұшақпен іздестірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 мамырда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына 1969 жылы туған азамат Ж., белгісіз біреулер жайылымнан 28 бас жылқыны ұрлап кеткенін айтып арызданған. Келтірілген шығын көлемі - 12 миллион теңге.
"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі "Мал ұрлау" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған мал "КазАвиаСпас" тікұшағының көмегімен табылды. Малды ұрламаған, жайылып тауға кеткен", - деп хабарлады полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан