Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"16 қарашада сағат 14:00 шамасында 34 жастағы Honda Avancier маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажет сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!