Алматы облысында 110 шаруа субсидия ала алмаған - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижесінде прокуратура 110 фермерлік шаруашылықтың тиісті субсидияларын ала алмағанын анықтады. Фермерлер субсидияға өтінімдерін 2023 жылғы шілдеде бергеніне қарамастан, төлемдер 2024 жылға дейін кешіктірілді.
Фермерлер алдындағы қарызының жалпы сомасы - 199 миллион теңге, алайда өтінімдерді қарау мерзімі 14 жұмыс күні болатынына қарамастан, кідірістер болған.
Облыстық прокуратура барлық фермердің субсидияларын алуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады және мұндай жағдайлардың болашақта қайталанбауы үшін өтінімдерді уақтылы қарауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және нұсқаулық шаралар енгізілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және аймақтағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Осындай мәселелерге тап болған фермерлер облыстық прокуратураға +77756046666 нөмірі арқылы хабарласа алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз