Алматы облысында 110 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады

Алматы облысында 110 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады

Алматы облысы тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде тағы 52 блок-модульдік қазандық салынып, 110 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады.

Бүгінде облыстағы көпқабатты тұрғын үйлердің 65 пайызы немесе 1299 үйдің 1986-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу, яғни тағы 1890 үйді жылумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 1277 үйді құрады. Бұл көрсеткіштің артуына Еңбекшіқазақ ауданында бес модульдік қазандықтың пайдалануға берілуі оң әсер етті.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан 52 блок-модульдік қазандық салынады. Оның ішінде:

  • 25 – Еңбекшіқазақ ауданында;
  • 19 – Талғар ауданында;
  • 8 – Іле ауданында орналасады.

Алматы әкімдігі ұсынған материал

Б. Жұмаділлә