- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлік қозғалысы
Алматы облысынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол жабылды
Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шектеу 2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-дан бастап енгізіледі.
"Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты Екатеринбург - Алматы автожолының 2005-2214 шақырым аралығында (Алматы облысының шекарасынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Екатеринбург - Алматы автожолының 1993-2005 шақырым аралығында (Сарышаған ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түрінің қозғалысы шектелетінін хабарлады.
Жолдарды 31 желтоқсан сағат 03:00-де ашу жоспарланған.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан