- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысы ұйымдасқан...
Алматы облысы ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментіне жаңа басшы келді
Байжан Сатылғанов Алматы облысы ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ішкі істер министрлігінің келісімімен, Алматы облысының полиция департаменті бастығының бұйрығымен Байжан Сатылғанов ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Байжан Сатылғанов 35 жаста. Ол Қордай ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып бастаған.
Сатылғанов көліктегі полиция департаментінде, сондай-ақ Жамбыл облысы ішкі істер департаментінде түрлі басшылық қызмет атқарған. Ол мұның алдында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан