Алматы облысында ер адамнан синтетиканың ірі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Алатау қаласында полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, одан тінту кезінде ерекше иісі бар ұнтақ заттың 143 орамы табылды.
"Зерттеулер қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 156,18 грамм Alfa-PVP синтетикалық препараты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, 156 грамм тәркіленген заттың жалпы құны 3 миллион 150 мың теңгеге, яғни 314 дозаға тең.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз